«Әке мен бала»

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр Ұлы Жеңіс күні мерекелері қарсаңында «Оқушылар сарайы» МКҚК-нда 5 мамыр күні Отан қорғаушылар күніне арналған «Әке мен бала» атты спорттық-танымдық шара өтті. Шараның мақсаты – ата-аналарды Оқушылар Сарайымен өзара белсенді әрекет етуге тарта отырып, қазақстандық ұлтжанды, сабырлы, рухани құнды, сапалы білімді, рух-жігері шыңдалған, белсенді тұлға ретінде қалыптастыру, балаға әкені құрметтеуді және салауатты өмір салтын сақтауды дәріптеу. Шараға әртүрлі үйірме оқушылары мен олардың әкелері не ағалары команда құрып қатысты. Барлығы 6 команда болды. Сайыс 5 турдан тұрды. Соңында ерекше ептілігімен, аса алғырлығымен көзге түскен 3 команда жүлделі орындарға ие болып, медальдармен және мақтау қағаздарымен, сондай-ақ белсенділігімен танылған 3 команда алғыс хатпен марапатталды. Сайыстың 1-орын иегері ретінде «Үстел теннисі» үйірмесінің тәрбиеленушісі 2007 жылы туылған Қайыржан Мақсат пен оның әкесі Имангазиев Айбол Қайыржанұлы, яғни «Арғымақ» тобы танылды.