«Оқушылар сарайы» МКҚК- ның 1 маусым - Халықаралық балалар күніне арналған «Төрлет, балақай!» атты мерекелік алаңының тікелей эфирлік бағдарламасы туралы анықтама.

1-маусым Халықаралық балалар күніне арналған «Төрлет, балақай!» атты мерекелік алаңы  Instagram әлеуметтік желісі арқылы  тікелей эфирлік бағдарламасы өткізілді. Мақсаты балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау және балалардың шығармашылық жетістігін көпішілікпен бөлісу.

Мерекелік алаңға Оқушылар  сарайының өнерлі, шебер, дарынды балалалары шақырылып, олардың  шығармашылық жұмыстары мен жетістіктері туралы баяндалды. Бағдарлама мың бұралған балдырған бишілердің биімен бастау алып, сыңғыр дауысты кішкентай әншілеріміздің әндері шырқалып, «Сүйікті Сарайым!» байқауының бас жүлдесін жеңіп алған  Сағынғали Айкөркем  «Сарайға арнау» өз туындысын жырға қосты.Соңында бүлдіршіндерге мерекелік тәттілер ұсынылды.