Қашықтықтан оқыту - балалар шығармашылығының көрінісі

Баршаға белгілі, бүгінгі таңда елімізде болып жатқан төтенше жағдайға байланысты Орал қаласының білім беру бөлімінің Оқушылар сарайы сол кезден бастап қашықтықтан оқыту форматына көшті. Алайда сарай педагогтері бұрын да білім беру барысында білім берудің цифрлық ресурстарымен жұмыс жасады. Сол себепті, ұйым педагогтері қашықтықтан оқытуға байланысты жаңа әдіс-тәсілдерді үйреніп, тез меңгеріп кетті.

 

 

 

Осы бағытта сарай әдіскерлері де мұғалімдерге әдістемелік көмек ретінде қашықтықтан оқытуда олардың біліктілігін арттыру үшін әр түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, әдістемелік көмек көрсетіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

 

Ең бастысы, қысқа уақыт ішінде  педагогтер цифрлық ресурстарды тиімді пайдалана отырып,  балалардың бос уақытын қызықты өткізу және шығармашылық қабілеттерін шыңдау, атаулы күндерді дәріптеу мақсатында түрлі шаралар мен онлайн-байқаулар ұйымдастырды.  Маңыздыларын  атап айтар болсақ, Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай «Желбіре, жеңіс жалауы!» онлайн-байқауы, Қадыр Мырза Әлидің  85жыл толуына орай «Қадыр оқулары» көркем сөз онлайн-байқауы, «Жасыл экономика- болашаққа апарар жол» атты онлайн суреттер байқауы, Оқушылар сарайының 3 жылдығына арналған «Сүйікті сарайым» және «Мен – болашақ көшбасшы» атты қашықтықтан интернет-байқаулар өткізілді. Онлайн байқауға барлығы 400-ге тарта оқушы белсенділікпен қызыға қатысты. Байқау жеңімпаздары дипломдармен, жетекшілері алғыс хаттармен марапатталып, байқау қорытындылары оқушылар сарайының сайтында және әлеуметтік желілерде жарияланды. Төтенше жағдай кезінде балалар шығармашылығына қолдау білдірген сарай ұжымына ата-аналар мен жетекшілер алғыстарын білдірді.

 

Қашықтықтан оқыту – бүгінгі заманның талабы. Сарай ұстаздары білім берудің талап деңгейінен шығу бағытында  шығармашылықпен жұмыс жасай отырып, тың идеялар мен озық бастамаларды қолдайды деп сенеміз. 

 

 

 

Пәндік-техникалық бөлім әдіскері

 Карилгаш Таскарина