Қазақпын деп қашанда, қасқайып өткен ғұламам

Оқушылар сарайында «Жас ақын» үйірмесінің жетекшісі Назгул Сансызбайқызының ұйымдастыруымен Жұбан Молдағалиевтің 100 жылдығына және Қадыр Мырза Әлидің 85 жылдығына орай «Қазақпын деп қашанда, қасқайып өткен ғұламам!» атты жыр мүшайрасы оздырылды.

Мүшайраның мақсаты: Жұбан мен Қадыр ақынның шығармашылық ғұмырына шолу жасау арқылы өлеңдерін талдау; оқушылардың поэзияға деген махаббаттарын арттыру болды. Мүшайра барысында үйірме тәрбиеленушілері ақындарға арнаған өз өлеңдерін оқып, кітап көрмесін тамашалады.