«Желшешек ауруы. Таралу жолдары мен алдын алу» тақырыбында дәріс сабағы өтті

25 қаңтар күні Оқушылар сарайы медбикелері Р. Б. Шукеева мен А. А. Мухамбетьярованың ұйымдастыруымен «Желшешек ауруы. Таралу жолдары мен алдын алу» тақырыбында дәріс сабағы өтті. Рысты Болатқызы мен Асем Амангелдіқызы аталмыш аурудың таралу жолдарын, аурудан сақтану және емделу жолдарын оқушыларға түсінікті тілде жеткізе білді.