Болашақ ұрпаққа - кемел бiлiммен!" атты пәндік-техникалық бөлiмнiң онкүндігінің жабылу салтанаты оздырылды

7 желтоқсан күні Оқушылар сарайының 3 жылдық мерейтойы қарсаңында және Тәуелсіздік күніне орай өткізілген "Болашақ ұрпаққа - кемел бiлiммен!" атты пәндік-техникалық бөлiмнiң онкүндігінің жабылу салтанаты оздырылды.

Онкүндіктің мақсаты: Елбасының "Болашаққа бағдар. Рухани жаңғыру" атты мақаласын жүзеге асыру мақсатында өскелең ұрпақты білімді, жан-жақты болуға тәрбиелеу;

Оқушылар сарайының 3 жылда істеген жұмыстарын көрсету;

Оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін арттыру болды.

Жабылу салтанатында "Жас ақын" үйiрмесiнiң бiлiм алушылары ойларын өлеңмен өрнектеп, тамаша ақындар айтысын көрсетсе, үйiрме жетекшісі Назгүл Сансызбайқызы аталмыш мерекеге орай арнау өлеңiн жырлады. Сондай-ақ, Надя Мұхтарқызының жетекшiлiгiмен "Ағылшын" үйiрмесiнiң бiлiм алушылары Абайдың қара сөзі бойынша ағылшын тілінде көрiнic қойды. "Тiл шешендігі" үйiрмесiнiң бiлiм алушысы Орынғали Айзере әр желтоқсаншы атынан монологын, ал "Ғибрат" үйiрмесiнiң бiлiм алушысы Тимирбулат Рахмаан  "Менiң елім" өлеңiн мәнерлеп оқыды. Салтанатты шара соңында "Компьютерлік графика" үйiрмесiнiң бiлiм алушылары роботтар биiн билеп, өнерлерін көрсетті.