"Білім мен өнер-өрге жетелер"

Оқушылар сарайы МКҚК-да 14 - қыркүйек күні жаңа оқу жылының басталуына орай "Білім мен өнер-өрге жетелер" атты Ашық есік күні өткен болатын.

 

Аталмыш шара Оқушылар сарайының директоры Алманбетова Сандуғаш Жексембайқызының құттықтау сөзімен ашылып,  әрі қарай көңілді концертпен, «Жас суретші», «Қолөнер», «Сәндік қолданбалы өнер», «Киім үлгілеу», «Мүсіндеу», «Қастеев ұрпақтары», «Робототехника», «Steam», «Химия», «Жас бағбан», «Вокал», «Шахмат», «Самбо», «Теннис», «Бокс» үйірмелерінің жетекшілері дайындаған шеберлік сыныптарымен, педагог-психолог Сариева Бану Жауынбайқызының көңілді тренингтерімен жалғасты.