Тәрбиеленушілер көңілді ойындарға арнады.

Бүгін 19 маусым күні Оқушылар сарайындағы тәрбиеленушілер үйірме сабақтарынан соң уақыттарын тағы да көңілді ойындарға арнады.

 

"Бұқаралық бөлімнің" ұйымдастыруымен өткен эстафеталық ойындарда оқушылар төрт топқа бөлініп, жылдамдыққа жарысса, келесі ойын түрі балалардың ауызбірлігін нығайтып, ептілігін дамытуға арналды. Ойын соңында балалар би билеп, көтеріңкі көңіл-күймен үйлеріне тарқасты.