Жас педагогтарға арналған семинар-тренинг

  Жас педагогтарға арналған семинар-тренинг

 

2018 жылдың 28 қарашасында Оқушылар сарайында «Жас педагог» мектебінің» «Ұжымға бейімделу» тақырыбына арналған психологиялық сипатқа ие семинар-тренингі өтті.

 

Мақсаты: жас педагогтардың (жұмыс өтілі 3 жылға дейін) табысты әлеуметтік-психологиялық бейімделулеріне атсалысу.

 

Семинарға жас мамандар, олардың тәлімгерлері, әдіскерлер және сарай әкімшілігі қатысты. Практикум-семинарды сарай басшысы С.Ж.Алманбетова ашып, қызметін оқытушылықтан бастаған жас мамандарға бағыт-бағдар беретін құжаттармен таныстырып, қызметтеріне сәттілік тіледі. Семинарды директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Ж.Куспанова жүргізді.

 

Сөз басында «Жас педагог мектебінің» құрылуы және құрамы жөнінде ақпарат айтып, одан соң педагог-психолог Б.Ж.Сариева топпен жұмыстануға арналған жағдаяттық сұрақтар қойып, психологиялық  сауалнамалар, қызықты тренингтерін өткізді.

 

Одан соң, пәндік-техникалық бөлім әдіскері Қ.А.Таскарина топтық жұмысқа арналған дамытушылық бағыттағы тренингін өткізді. Сонымен қатар топтардың «Ұжымда бейімделу» атты постерлары қорғалды.

 

Семинар соңында сарай әкімшілігі жас мамандарға арналған әдістемелік бағдарлама мен нормативтік-құқықтық актілердің жинағын ұсынды. Жалпы, аталған семинар жас мамандарға психологиялық тұрғыда, әдістемелік жағынан ұжымға бейімделуді қалыптастыратын маңызды мәлімет берді деп есептейміз.