«Елі сүйген, елін сүйген Елбасы»

Тұңғыш Президент күні және қосымша білім берудің 100 жылдық мерейтойы аясында Оқушылар сарайында  пәндік-техникалық бағыттағы үйірмелер арасында «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» тақырыбында эссе жазу байқауы оздырылды.

 

 

Мақсаты:  оқушылар арасында эссе жазуды кеңінен тарату, дамыту; оқушылардың рухани-адамгершілік, патриоттық қасиеттерін қалыптастыру. Байқауға сарайымыздың «Ағылшын», «Тілашар», «Компьютерлік графика», «Ғибрат», «Тіл шешендігі» үйірмелері қатысты.

 

Эсседе білім алушылар Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың өмірі мен қызмет жолы жайлы мәліметтер келтіре отырып, Президенттің Қазақстанның дамуына сіңірген еңбегі, оның «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» Бағдарламасы туралы өз ой-пікірлерін жазды. Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған білім алушылар дипломдармен, алғысхаттармен марапатталды.