Жазғы лагерь жұмысы

        11 маусым күні оқушылар сарайының медбикелері Р.Б.Шукеева мен А.А.Мухамбеткалиева ұжым мүшелері мен оқушыларға бүгінгі таңда адамзатқа қауіп төндіріп отырған «менингит» ауруы туралы дәріс оқып, презентация көрсетті. Шара барысында медбикелер аурудың таралу жолдары және сақтық шаралары туралы айтып өтті. Сонан соң жалпы бөлім меңгерушісі А.Д.Абдрахимова 12 маусым халықаралық бала еңбегін қанауға қарсылық күніне байланысты, «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» акциясы аясында «Бала еңбегін қанауға қарсымыз!» тақырыбында презентация көрсетіп, дәріс оқыды. Оқушыларға жазғы еңбек ету тәртібі, балалардың жас ерекшеліктеріне қарай еңбек уақыты, құықтық шаралар туралы айтылды. Оқушылар аталмыш тақырыпқа байланысты өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар осы тақырыпқа байланысты хабарландырулар тақтасына иллюстрациялық материал ілінді. Шараға барлығы 68 адам қатысты.