Жазғы лагерь жұмысы

        2018 жылдың 4 маусым күні «Оқушылар сарайы» МКҚК-да жазғы лагерь өз жұмысын бастады. Лагерьде оқушылар маусым айы бойына жұмыс жасайтын үйірмелерде тәлім алуымен қатар, сарай шеңберінде өтетін барлық қоғамдық, мәдени, спорттық шараларға да қатысады.  Лагерьдің алғашқы жұмыс күні «Аэробика» үйірмесінің жетекшісі Л.Ф.Базарбаеваның жетекшілігімен өткен таңғы жаттығудан басталса, әрі қарай педагог-психолог Б.Ж.Сариеваның ұйымдастыруымен өткен танысу тренингімен жалғасты. Сонан соң оқушылар үйірме сабақтарына кірісті. Үйірме сабақтары аяқталған соң «Қазақтың 100 әні» акциясы аясында караокемен ұмыт болып бара жатырған әндерді орындады