«Өнерлі өрге жүзеді» атты онкүндіктің жабылу салтанаты

     28 наурыз күні онкүндіктің жабылу салтанаты болып өтті. Жабылу салтанаты он күн бойы өткен шаралардан көрініс беретін слайд-шоуды тамашалаудан басталды. Сонан соң, «Талғампаз бойжеткен» музыкалық-эстетикалық студиясы «Өнерге қанат қаққандар» атты музыкалық қойылыммен шараны ашып берді. Қойылымнан соң, алғы сөз «Оқушылар сарайы» МКҚК-ның директоры А.Ж.Алманбетоваға берілді. Директор өнер-шығармашылық бағытын онкүндіктің сәтті аяқталуымен құттықтап өтті.

     Директордың алғы сөзінен соң, сөз кезегі өнер-шығармашылық бағытының әдіскері Д.М.Камешоваға беріліп, Дина Муратовна оқушыларды марапаттау кезегін әр бөлімнің басшылары мен әдіскерлеріне ұсынды.

     Жабылу салтанатында, он күн бойы өткізілген ашық сабақтарға, шеберлік сағаттарына белсене қатысқан оқушылар алғыс хаттармен, дипломдармен  марапатталды.