«Ұстазыма- рахмет!»

          Ағымдағы жылдың 27 ақпан күні Оқушылар сарайында Алғыс айту күніне орай жалпы бөлімнің ұйымдастыруымен «Ұстазыма - рахмет!» атты  мерекелік шара оздырылды. Аталмыш шарада үйірме оқушылары өз ұстаздарына деген алғыстары мен игі тілектерін жеткізді. Жалпы шараның мақсаты: білім алушыларға «1 наурыз - Алғыс айту күні» мерекесінің мәні туралы түсінік беру және ризашылық пен алғыс, сыйластық құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту, үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту, әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу.