Чемпиондармен кездесу кеші

       Орал қаласының білім беру бөлімінің 05.02. 2018 жылғы хатына сәйкес 2018 жылдың 22 ақпан күні оқушылар сарайы, спорт бөлімінде жастардың чемпиондармен, атақты спортшылармен кездесу, оларға спорттағы жетістіктері Қазақстанды әлемдік аренада танытқаны үшін алғыс білдіру кеші болып өтті. Аталған кешке Орал қаласы білім беру бөлімінің, Оқушылар сарайының директоры Алманбетова Сандуғаш Жексембайқызы;  оқушылар сарайы, спорт бөлімінің меңгерушісі, бокстан аға бапкер, жаттықтырушы  Сұлтанғалиев Саттар Аманғосұлы; самбодан 4 дүркін әлем чемпионы, Қазақстанға  Еңбегі сіңген спорт шебері, жерлесіміз Байбатыров Ерболат Сағатұлы; теннистен Қазақстан чемпионы Кенжегулов Дастан Ғарифоллаұлы және оқушылар сарайының  бокс жаттықтырушысы, спорт шебері Молдашев Сағындық Еркінұлы қатысты.

       Аталмыш кеште Оқушылар сарайының директоры Сандуғаш Жексенбайқызы кездесуге келген чемпиондарды алғыс айту күнімен құттықтап, сөз сөйледі.

       Чемпион ағаларымыз оқушыларға  өз  өмір жолдары туралы айта келіп, осындай биік  дәрежеге қалай жеткені туралы  ой бөлісті. Чемпиондардың қиын да қызықты өмір жолдарын естіген оқушылардың  спортқа деген кызығушылықтары арта түсіп,  ағаларына сұрақтарын жаудыртты.

       Кеш соңында оқушылар чемпион ағаларына рахметтерін айтып, естелік суретке  түсті. Ал, директорымыз Сандуғаш Жексамбайқызы  қонақтарға оқушылар сарайы атынан  естелік сыйлықтар ұсынды.